Body: 

2017 жылдың 12 қазанында колледжде Астана қаласы, МКҚК №3 қалалық емханасының психологы Валеева Е.А. 1 курс студенттерімен «Таза қол» акциясы аясында «Таза қол өмірді сақтап қалады» атты семинар өткізді. Семинардың мақсаты - студенттерге жай ғана қолды сумен сабындап жуу ішек ауруларының деңгейін төмендетуге, вирустық гепатитпен тиімді күресуге, респираторлық аурулар мен басқа ауруларды болдырмауға, сондай-ақ салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыруға көмектесетінін түсіндіру. Сонымен қатар қол жуу сызбасына сәйкес инструктаж өткізілді.
.

Семинар соңында студенттерді қол гигиенасын жақсарту және қолдау мақсатында үнемі қол жуу гигиенасын сақтауға шақырды.

Э. Бегалиева