Body: 

2017 жылғы 13 қазанда колледждің мәжіліс залында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Қазақстан жастарының конвенті» ЖҚ ұйымдастырған «Әке балаға сыншы» атты ер азаматтарға арналған іс-шара өткізілді.

Жоба отбасылық, мәдени, рухани құндылықтарды насихаттауға және балалардың мәдени-әдептілік деңгейін арттыруға, отбасындағы балаларды тәрбиелеу бойынша салт-дәстүрлер мен ұсынымдарды насихаттауға бағытталған

Кездесудің қонағы - доцент, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жалелұлы «Табысты отбасы – табысты адам», «Бақытты ата-ана – бақытты балалар» тақырыптары бойынша жас буынмен жастардың жауапкершілігі, бақытты және дәстүрлі отбасылар туралы әңгіме жүргізді.

Іс-шараның соңында студенттер өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарына жауаптарың алды, шақырылған қонаққа ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

А. Мурзабаева