23 қазан 2017
2017 жылы 19 қазан айында Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен ішімдіктен бас тарту Ұлттық күніне орай, алкогольді шамадан тыс тұтынудың алдын-алу шаралары бойынша Қаржы академиясының Ақмола колледжінде "Жарқын болашақ" атты КТК өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - жастарға алкогольдік ішімдіктерді пайдаланудың зиянды салдары туралы ақпарат беру, салауатты өмір салтын насихаттау, қолдау және студенттердің шығармашылығын дамыту.
Ойынға 4 команда қатысты: "Мадагаскар" Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжі, "Жастар" Басқару колледжі, «Қаржы академиясы құрамасы» "Қаржы академиясы" АҚ" колледжі және "Жалынды жастар" Көлік және коммуникация колледжі.
Колледж командасының шынайы әзілдері, тақырыбының ұстамдылықтары қазылар алқасы мен көрермендерді бей-жай қалдырмады.
Біздің жастардың әрбір әзілдері көрермендердің ду қол соғуы арқылы ыстық ықыласына бөленді. Ойын қорытындысы бойынша "Жалынды жастар" командасы 4 турда өз қарсыластарын баса озып, 1-ші орынды иеленді.
Колледж командасын лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар мен жарқын жеңістер тілейміз!
А. Мурзабаева