23 қазан 2017
2017 жылғы 20 қазанда Астана қаласының Көліктегі Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен Астана қаласы Cалауатты өмір салтын қалыптастыру ЖШС өкілдерімен бірлескен «Ішімдіктен бас тарту» Ұлттық күніне орай ұйымдастырған акцияға колледж студенттері де өз үлестерін қосты.
Акцияның мақсаты – ішімдіктің адам ағзасына әсері, азаматтарды ішімдіктен бас тартып салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау. Колледж студенттері – «Астана-1» және «Нұрлы жол» вокзалдарында «Біз салауатты ұрпақ үшін» деген ұранмен сап түзеп, флэш-моб ұйымдастырды.
Колледж студенттері салауатты өмір салтын ұстануға насихаттайтын буклеттер, ішімдіктің адам ағзасына әсері жайында ақпарат беретін парақшалар таратты.
Э. Бегалиева