Body: 

23 қазан 2017 жылы Көлік және коммуникация колледжінде оқытушылар мен студенттердің қатысуымен Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласына қолдау мақсатында семинар өткізілді. Қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан бұл мақаласын түсіндіру жұмыстарын «Нұр Отан» партиясының Сарыарқа аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алимгазина Бағлан Ауганбаевна және «Тұран Астана» университетінің оқытушысы, заң ғылымдарының докторы, профессор Сман Айсана ханым жүргізді.


Бағлан Ауганбаевна елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынып отырғандығын атап өтті. Әрі осы жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының алты бағдарын ұсынған.


Елбасының мақсаты – ұлттың ұлы мұраты. Мемлекет басшысы қазақтың ежелгі «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» қағидасын мықтап ұстануға шақырады: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Мемлекет басшысы нұсқап отырған ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, заман ағымына қарай оның сипаттарын өзгерту, «білім культін» қалыптастыру, мемлекет пен қоғамды революциялық емес, эволюциялық жолмен дамыту, ең бастысы, сананың ашықтығын, яғни әлемдік озық жаңалықтарға, ғылым-білімге құшақты айқара ашу идеялары ұлттың рухани-мәдени қалыбы болмақ.


Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ.

Сондай-ақ, Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты. Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету.

Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын-деп аяқталды мағыналы отырыс.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Далабаева