24 қазан 2017
2017 жылдың 24 қазан күні Көлік және коммуникация колледжінің Акт залында тарих пәнінің оқытушысы Жұрқабаев Байділда Сауытханұлы жетекшілік ететін «Тальго» дебат клубының бастамасымен Латын әліпбиіне көшу мәселесі студенттер арасында өткізілді. «Бұл палата латын әліпбиіне көшу ақталады деп есептейді» тақырыбында пікір алмасу ұйымдастырылды. Дебатқа колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.
Ойынға «Ұлы жорық» және «Жаужүрек екі бала» топтары қатысып, бүгінгі күннің өзекті мәселесі - латын әліпбиіне көшу туралы өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел барысында келесі мәселелер көтерілді: латын әріптеріне қазақ тілінің төл дыбыстарын қандай жолмен беру (диграф немесе апостроф жолымен), оқулықтардың жасалуы мен сапасы туралы, компьютерге енгізу жолдары, жастардың бұл реформа жайындағы ой-пікірлері талқыға салынды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында аталып өткен осы бастама ертеңгі жаһандану үрдісіне қажеттілігі аталды. Пікірталастың соңында қазақ тілі пәні оқытушысы С.А. Алимова қазақтың төл қаріптерінің жазылуы мен оқылуына аса мән беріліп, латын әліпбиінің тиімділігі жайлы оң пікірлерімен бөлісті. Өзінің жеке дара пікірлерімен
1 курс студенттері қолдау білдірді.
Б.С.Жұрқабаев