26 октябрь 2017
Білім беруді дамыту бағдарламасын іске асыру мақсатында қала колледждері үш кластер бойынша бөлінген, олардың әрқайсысы жетекші колледждер, оған тірек колледждер келесі басым бағыттар бойынша жұмыстар жүргізеді:
- дуалды білім беруді қамтыған колледждер үлесін арттыру;
- халықаралық қарым-қатынас аясындағы жұмыстар;
- қолданбалы бакалавриатты енгізу.
Дуалды оқытуды енгізудің тәжірибесін тарату бойынша таңдалған жетекші колледж "Көлік және коммуникация колледжі"МКҚК.
2017 жылғы 20 қыркүйекте Көлік және коммуникация колледжінде "Дуалды оқыту" кластерінің жұмыс жоспарын іске асыру бойынша семинар - дөңгелек үстел өткізілді.
Күн тәртібінде: 2017-2018 оқу жылына "Дуалды оқыту" кластерін жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспары.
Семинарға келесі колледж өкілдері қатысты:Технологиялық колледж, Басқару колледжі, Құрылыс-техникалық колледжі, Энергетика және байланыс колледжі, Д.Қонаев атындағы университеттің колледжі, Гуманитарлық колледжі және М. Тынышпаев атындағы "Қазақ көлік және коммуникация академиясы" АҚ-ның Ақмола колледжі.
Семинар барысында О.Х. Жүніспеков "Дуалды оқыту" кластерін іске асыру жөніндегі жұмыс жоспарымен таныстырды, жұмыс жоспары- мастер-кластар, әлеуметтік серіктестердің базаларындағы семинарлар, әлеуметтік серіктестер базасында педагогикалық құрам және өндірістік оқыту шеберлеріне тағылымдамаларды ұйымдастыру және кәсіпорынның оқу орталықтарына студенттерді жіберуді қамтиды.
А.Бегимсал