26 октябрь 2017
2017 жылдың 24 қазан күні Көлік және коммуникация колледжінің 1107000 «Көтергіш көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын темір жол көлігінде техникалық пайдалану» мамандығы бойынша бірінші курс студенттері «Қазақстан Темір жолы» АҚ филиалы «Қырқыншы машиналандырылған жол дистанциясына» экскурсияға барды.
Студенттер ЖМС мекемесі бөлімшелері атқаратын қызметтерімен , сонымен қатар ішкі тәртіп ережелерімен, қауіпсіздік техникасы бойынша іс-шараларымен, өндірістегі жол жөндеу жұмыстары кезіндегі темір жол көліктерінің қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету нұсқаулығымен танысты. Әсіресе студенттерге машиналандырылған жол дистанциясындағы жол жөндеу машиналары мен механизмдерінің жұмыс істеу принциптері мен құрылысы өте қызықты болды. Студенттер өз ой-пікірлерімен бөлісті. Экскурсия қызықты өтті.
А.К. Каримова