Body: 

2017 жылғы 25 желтоқсан айында колледжде Санкт-Петербург теміржол көлігі техникумында тағылымдамадан өткен колледж студенттері мен бөлім меңгерушісі Е. Б. Тарасовамен кездесу өтті. Кездесуге колледж оқытушылары және барлық топтардың студенттері шақырылды. Кездесуде колледж директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Л.И.Матвеева студенттер мен оқытушыларды халықаралық қарым-қатынас туралы келісімшарт аясында академиялық ұтқырлық бағдарламасымен таныстырды.

2017 жылғы 1 -14 қазан айы аралығында Санкт-Петербург темір жол көлігі техникумында "Зертханалық-жаттығу кешендерін қолдану арқылы СПбТЖТ оқу үрдісін ұйымдастыру" тақырыбы бойынша тәжірибе алмасу үшін тағылымдамадан өту шарасы ұйымдастырылды.

Тағылымдамадан арнайы пәндер оқытушысы Е.Б.Тарасова және "Тасымалдауды ұйымдастыру және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару" мамандығының студенттері Рей Сергей, Каусбаева Динара және "Темір жолдың жылжымалы құрамын жөндеу және техникалық қызмет көрсету" мамандығының студенттері Пулат Бауыржан мен Жигула Артем қатысты.

Тағылымдамадан өтушілерді техникумының директоры Шехтман Евгений Иосифович жылы лебізін білдіре отырып қарсы алды. Ол жаңа құрал-жабдықтармен танысу, тәжірибе алмасуда сәттілік тілей отырып, қаланың тарихы мен әсемдігімен танысуға шақырды.

Студенттер өз мамандықтары бойынша сабақтарға қатысып, дәрістер тыңдады, зертханалық және практикалық жұмыстар орындады, сынып сағаттарында баяндамалар оқыды.

"Тасымалдауды ұйымдастыру және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару" мамандығының студенттері оқу кезінде- станция бойынша кезекшінің/поезд диспетчерінің имитациялық жаттығуымен танысты.

"Темір жолдардың жылжымалы құрамын жөндеу және техникалық қызмет көрсету" мамандығының студенттері - "Темір жолдарды техникалық пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі" бойынша мультимедиялық компьютерлік оқыту бағдарламасы мен ЭД4М электрлі тренажерімен танысты.

Техникумда тағылымдама аясында "Халықаралық көлік жолдары арасындағы- Ресей темір жолдары" атты халықаралық конференция өтті. Оған біздің студенттер белсенді қатысып, бейнематериалдар мен баяндамалар жасады, сертификаттармен марапатталды.

Біздің делегация үшін қызықты мәдени бағдарлама ұйымдастырылды: Петропавл бекінісі, Эрмитаж, Исаакиевский собор, Сарай алаңы, Қаннан құтқару храмы", Петергоф, Патша селосы – Мемлекеттік қорық-мұражайы, Орыс мұражайы, Санкт-Петербург Собор мешіті, Темір жол көлігі мұражайы, Жол қатынастары университеті, Ажыратылмалы көпірлер. Бірде-бір күн бекер өтпеді.

Соңғы күні біздің студенттерге сертификаттар табыс етілді.

Барлық қатысушылар тағылымдама бағдарламасының басты аспектісі- екі ел арасындағы тәжірибе алмасу, тек білім алуға ғана емес, кәсіби тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретінін айтты.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы - қысқа мерзімде болашақ мамандыққа қажетті жолдарды белгілеп, жинақтауға мүмкіндік береді.

Кездесу соңында Л.И. Матвеева Санкт-Петербург техникумы басшылығының біздің өкілдеріміз және олармен одан әрі жемісті қарым-қатынасты жалғастыруы туралы жақсы пікірлерін атап өтті.

Әдістемелік орталықтың меңгерушісі С. Хайруллина