Body: 

2017 жылғы 24 қазанда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қалалық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен колледж студенттерінің арасында «Қазақ қызы» қалалық байқауы өткізілді.

Байқау төрт кезеңнен тұрған. Атап айтсақ: «Мен қазақтың қызымын» таныстыру, «Өнерлі өрге жүзер» өнер көрсету, «Қыз еркем – кестесімен көркем» ою-өрнек ою, «Білгенге маржан» білім сайысы.

Жалпы байқау отбасылық, мәдени, рухани құндылықтарды насихаттауға және қыз балалардың мәдени-әдептілік деңгейін арттыруға арналған.

Байқау қорытындысы бойынша I орын Көлік және коммуникация колледж студенті Индира Кеңеске, II орын М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақмола колледж студенті Ақниет Нұрманға, III орын Басқару колледж студенті Айгерім Бектеубаеваға бұйырды. Ал, Еуразия гуманитарлық институтының колледж студенті Гүлім Батырбек, «ТҰРАН» колледж студенті Әлия Долдашева, «ТҰРАН-ПРОФИ» колледж студенті Қымбат Кенжебекқызы , «Асу» гуманитарлық-техникалық колледж студенті Айымжан Сатуалдыева үздік дипломдармен марапатталды.

А. Мурзабаева