Body: 

2017 жылғы 27 қазанда колледжде «Қош келдің, студент!» атты 1 курс студенттерін студент қатарына қабылдау шарасы өткізілді. Бұл шараны тек бірінші курс студенттері ғана емес, жоғары курс студенттері де асыға күтеді. Биылғы оқу жылында ұйымшыл студенттік ұжым қатары 530 студентке толықты.

Жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенділері алдын-ала дайындалып, сценарийлер жазады, дайындықтар жүргізеді. Бұл күн жақындаған сайын 1 курс студенттерінде көбірек толқу сезіледі. Әрине, әрбір топтың ұжымдық рухы оның алғашқы қадамдары арқылы қаланады. Айта кететіні, жалпы колледждегі шығармашылық сезім оларды алғашқы білім алған кезінде баурап алады. Сондықтан студенттер қатарына қабылдау күні – бұл жай ғана іс-шара емес, бұл колледждегі әрбір студенттің көпжылдық шығармашылық имиджін құру күні.

Колледж белсенділерінің мерекелік нөмірлері залда отырған барлық көрермендердің қызығушылығын туғызды. Дәстүрлі түрде студенттерді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абдикаримова Тоты Тлеулесовна құттықтап, оқуда табыс, креативті идеялар және белсенді өмірлік ұстанымдарын жолдады.

Мерекенің соңында студенттерден ант қабылдап, студенттік билет табысталды. 2ПМ-216 тобының 2 курс студенті Демегенов Ғасырбек эстафетаны салтанатты түрде 1ОЭО-117 тобының 1 курс студенті Жумкеш Рустемге табыстады.
Тек осы салтанатты рәсімнен кейін ғана әрбір бірінші курс студенті "Мен – Көлік және коммуникация колледжінің студентімін!" -деп толыққанды айта алады.

А. Мурзабаева