Body: 

2017 жылғы 27 қазанда Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында «Үздік колледж кітапханасы» қалалық байқауы ұйымдастырылды. Байқауды ұйымдастырушылар Астана қаласының Білім басқармасы, «Әділет» білім қызметкерлерінің қалалық кәсіподағы, Еуразия гуманитарлық институты колледжі. Іс - шара Еуразия гуманитарлық институты колледжінің қабырғасында өткізілді.

Екі кезеңнен болған байқаудың І кезеңінде Астана қалалық техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің кітапханасының жұмысымен танысу болса; ІІ кезеңде колледж кітапханашыларының арасындағы сайыс болды.

Байқауға қатысушылар кітапхана қызметінің 2016-2017 оқу жылындағы негізгі көрсеткіштері туралы ақпарат беріп, заманауи ақпараттық технологияны пайдалану арқылы өз оқырмандарына көрсетіп отырған қызметтері жайында мәліметтер ұсынды

Байқауға қатысушылардың ұсынған мәліметтерін саралауға, кітапхана саласының және қоғамдық мекемелердің жоғарғы санатты мамандары төрелік етті.

Көлік және коммуникация коледжінің кітапханасы атынан кітапхана меңгерушісі Гульмира Болатқызы Жунусова он бес кітапхананың ішінен байқауға қатысып, ІІ жүлделі орынды иеленді.
«Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК ұжымы Г. Б. Жунусованы жеңісімен құттықтап, алдағы еңбек жолында кәсіби жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілейді!

Л. Матвеева