Body: 

2017 жылғы 1 қарашада Көлік және коммуникация колледжінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департамент басқармасының басшысы А.Р.Рахматтулин және «Жас Отан» ЖҚ Астана қалалық филиалының Төрайымының бірінші орынбасары Б.Б.Жанділдаев колледж оқытушыларымен және студенттерімен кездесу өткізді.

Департамент басшысы студенттерге сыбайлас жемқорлық ұғымының не екенін айтып, оның қоғамға зияны туралы, студенттер арасында парақорлыққа қарсы тәртіп орнату, осыған қарсы әрекет ете білу жайында әңгіме қозғады.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сауалдарды қойып, өз сұрақтарына нақты жауаптар алды. Бұл іс-шарадан студенттер қазіргі кезде қоғамда кездесетін жемқорлықтың алдын-алу себептерін біліп, онымен күресу үшін не істеу керектігі туралы толық ақпарат алды.




А.Муратулы