Body: 

2017 жылдың 13-18 қараша аралығында «Экономикалық пәндер» кафедрасы «Төл теңгеміз – Тәуелсіздік тірегі» атты шығармашылық апталығын өткізді. Кафедра оқытушылары апталықтың ашылуына кафедраның мақсаты мен міндеттері туралы бейнебаян жасап, № 216 оқу аудиториясында көрме ұйымдастырды. Көрмеге оқытушылардың жасаған ОӘК, тест тапсырмалары, кітаптар, дәрістер жинағы мен оқытушылар мен студенттер жетістіктері, соның ішінде мақтау қағаздары, алғыс хаттары, сертификаттар қойылды. Апталықтың бірінші күнінде кафедра оқытушыларының ұйымдастырылуымен білім нарығындағы болып жатқан өзгерістерімен оқытушылардың іс- тәжірибесімен бөлісу мақсатында колледждің жас оқытушыларына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Кездесу барысында А.К. Муканова, Т.Н.Естемесов және А.Н.Сыдыкова Кейс әдістерін сабақта қолдану, тәрбие сағаттарын әзірлеу мен оқытушы мен студент арасындағы қақтығыстар және оларды алдын алу жолдары туралы өзекті мәселелерді қозғады. Кафедраның шығармашылық апталығының аясында А.К. Муканова, Т.Н.Естемесов, А.Н. Сыдыкова және Ж.А.Амангельдинова «Есеп, қаржы және кредиттеу», «Нарықтық экономика және өндірісті басқару», «Бухгалтерлік есеп негіздері» пәндерінен ашық сабақтар берді. Ашық сабақтарға директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, әдіскер мен колледж оқытушылары қатысып, өз ойларын ортаға салып талқылады.

Студенттердің арнайы сабаққа деген қызығушылықтарын тереңдету және теорияны тәжірибемен ұштастыру мақсатында кафедра оқытушылары ашық сабақтан тыс іс – шаралар өткізіп, студенттер домбырамен күй тартып, экономикалық викториналарға қатысты. Шығармашылық апталық аясында жоспарланған іс-шаралар түгелімен орындалып, ашық сабақтар мақсаттарына жетті.

A.Муканова