Body: 

2017 жылғы 18 қарашада колледжде «Биоақпараттану және синергетика» технологиясына қатысушы мүшелері колледж директоры Гаипов Зулфухар Сұлтанұлымен кездесу өткізді.

Кездесу мақсаты – студенттер арасында өзін-өзі басқару жүйесін енгізу арқылы құқықбұзушылықтың алдын-алу және оны болдырмау жолдарын зерделеу. Кездесу барысында «БжС» мүшелері өздерін таныстырып, алдағы уақытта жасалынатын жұмыстарының бағыттарын атап өтті.

Сонымен қатар «БжС» көшбасшысы Елдос Қаржаубай директорға аталмыш технология бойынша жұмыс жасау үшін арнайы жасалған ережені бекітуге ұсынды.

Кездесу соңында Зулфухар Сұлтанұлы көшбасшы болу үшін сабақты жақсы оқып қана қоймай, колледждің саяси – қоғамдық жұмыстарынада белсенді ат салысуы қажет екенін айтып, алдағы қойған мақсаттарына жетулеріне тілек білдірді.

А. Мұратұлы