Body: 

2017 жылдың 21 қараша күні «Көлік және коммуникация» колледжінің мәжіліс залында колледж қызметкерлері және студенттері Сарыарқа аудандық ХҚКО № 2 бөлімінің жетекші маманы Есенбаева Сәуле Маратқызымен кездесті. Бұл шараның басты мақсаты «Электронды үкімет» портал арқылы электронды мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша студенттер мен оқытушыларға кеңес беру.

Іс-шара барысында халыққа қызмет көрсету орталығының маманы жеке тұлғаларды мемлекеттік және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу аясында «Электронды үкімет» портал арқылы алу мәселелері, сондай-ақ «бір терезе қағидасы» бойынша жұмыс істеу принципі, кәсіпкерлікті тіркеу индикаторларын талқыланды.

Бұл аталған шаралардың барлығы да жемқорлықпен күресу шарасы екенін ескерген жөн. Арам ойлылардың арбауына түспеу үшін жасалған бұл жаңашылдық үкіметтің жемқорлықпен күресу барысында жасаған шешімдерінің бірі.

Кездесу соңында колледж қауымы жетекші маманға өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, соның жауабын алды.

А. Мұратұлы