Body: 

2017 жылғы 7 желтоқсанда "Көлік және коммуникация колледжі"МКҚК Ақмола көлік прокуратурасының прокуроры Мукушева Мугульсум Матаевнамен кездесу өтті. "ҚР Қылмыстық кодексі, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексі және "мүлдем төзбеушілік"қағидаты" тақырыбында түсіндіру дәрісін өткізді. Ол өзінің баяндамасында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптары бойынша және "нөлдік төзімділік" принциптерін толық түсіндірді.

2015 жылғы 1 қаңтарда жаңа ӘҚБтК-нің күшіне енген бірқатар баптары елеулі өзгерістерге ұшырады.

ӘҚБтК-нің №25 тарауында қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық бөлігімен қарастырылған.

ӘҚБтК-нің "Ұсақ бұзақылық" 434 бабында сай он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, немесе қоғамдық орындардағы жеке тұлғаларға былапыт сөйлегені үшін он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады, тұрғын үй-жайларды ластауы, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді, басқа да осындай төңірегіндегілерді сыйламаушылықты білдіретін іс-әрекеттер, , қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттері бойынша ӘҚБтК-нің айыппұлы салынады.

ӘҚБтК-нің "Тыныштықты бұзу" № 437 бабына сай - түнгі уақытта (сағат 23-тен таңғы 6 -ға дейін) жеке тұлғаларға-5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

ӘҚБтК-нің "Кәмелетке толмағандар тарапынан әкімшілік құқық бұзушылық жасау" туралы 442 бабына сай: кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында заңды өкілдерімен еріп жүрмеуі себебінен заңды өкілдеріне 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Мугульсум Матаевна әкімшілік жазалар тағайындалғаны туралы әңгімелеп берді.

"Нөлдік төзімділік" принципі

"Заң, ол бәріне ортақ, үнемі жұмыс істейді" - бұл нөлдік төзімділіктің мәнін баяндайды. Мугульсум Матаевна "мүлдем төзбеушілік" қағидатының шығу тарихына тоқталды, "сынған терезелер теориясы" теориясына сәйкес түсіндірді, ұсақ теріс қылықтарының болуы маңызды жазаға әкеп соқтырады. Бір үйдің терезесін сындырса, содан кейін бұзақылар есік құлыптарын бұзады, үй құндылықтарын қолды қылады.

Ескеру қажет, бұл "нөлдік төзбеушілік" тәртіпсіздіктері үш базалық шарттарды сақтау кезінде қол жеткізу мүмкін:
- құқық бұзушылық үшін жазаны бұлтартпауды қамтамасыз ету;
- құқықтық сана мен халықтың азаматтық бастамасы;
- тәртіп сақшысы тарапынан заң нормаларын орындау.

А.Далабаева