Body: 

2017 жыл 14 желтоқсанда Көлік және коммуникация колледжінде Тәуелсіздік мейрамын «Тәуелсіздік – қастерлі ұғым» атты мерекелік концертпен атап өтті. Концерттің мақсаты – өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Концерт ашылуында Тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктеріне көз жүгіртіп, мемлекеттік Әнұранды шырқатып, Көк Туымызды құрметпен ортаға алып шықты. Мерекелік концертті колледж директоры, саясаттану ғылымдарының докторы, Астана қаласының маслихат депутаты Зулфухар Сұлтанұлы колледж ұжымы мен студенттерін мерекемен құттықтап ашты. Директор өз сөзін «Рухы биік елдің айбыны асқақ! Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің Тәуелсіздігі баянды болғай» - деп аяқтады.

Колледжіміздің құрметті қонағы, Білім басқармасының әдіскері Жанболат Зиятұлы сөз сөйлеп, ақ тілегін білдірді.

Директор колледжіміздің гүлденіп, көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген бір топ азаматтар мен азаматшаларды, сонымен қатар, колледжге ұзақ жылдар бойы сіңірген еңбегі үшін, әлі де болса еңбектеніп жүрген үш зейнеткерді алғыс хатпен марапаттады. Мереке соңы колледж студенттерінің концерттік бағдарламасына ұласып, көпшіліктің қошеметіне ие болды.

Тәуелсіздікті ата-бабамыздың аманаты деп қарап, көздің қарашығындай қорғау қазіргі жас ұрпақтың жауапкершілігінде тұрғанын әрбір азамат ұмытпағаны жөн. Елбасының «Мен жастарға сенемін» деген сөздері осыны меңзесе керек.


И. Бердешова