Body: 

2018 жылдың 15 қаңтарында колледждің мәжіліс залында 1409000 «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» мамандығы бойынша 4 курс студенттерінің өндірістік –технологиялық тәжірибесі қорытындысы бойынша есеп беру конференциясы өтті. Конференцияға осы мамандық бойынша барлық топ студенттері қатысты.

Конференция ашылу салтанатын колледж директоры З.С. Гаипов атқарды

Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттыруда жолдардың маңызы ерекше. Бұл жайында Елбасымыздың жыл сайынғы қазақ халқына арналған Жолдауында да басым бағыттары айқындалып айтылған. Білім сапасын арттыруда дуалдық оқыту мен тәжірибеге бейімдеп оқыту жүйесін дамытудың болашақ маманның жоғары деңгейде біліктілік алып, кәсіби маман болып қалыптасуындағы үлесі зор», - сөздерімен бастап, студенттерге технологиялық тәжірибенің маңызын айтты және конференцияға арнайы шақырылған «ҰК «ҚТЖ» АҚ-ның филиалы – Ірілендірілген Астана жол дистанциясының диагностикалық блоктың жетекші инженері К.Ж. Сагинбаевты және АҚ «Ақмола вагон жөндеу зауытының» инженері Е. Дюсенбековты таныстырды.

Алғашқы сөз келген қонақтарға берілді.

«Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының филиалы – Ірілендірілген Астана жол дистанциясының жетекші инженері К.Ж. Сагинбаев осы мамандық бойынша студенттердің дұрыс әрі жақсы мамандықты таңдағаны туралы, теміржолда жұмыс жасаудың жауапкершілігі туралы әңгіме қозғады. Сөзінің соңында студенттерге болашақта жақсы маман иесі болуыларына және колледж ұжымына жұмыста табыс пен сәттілік тіледі және колледж директорына және ұжымына кәсіби маман даярлаудағы жасаған еңбегі үшін алғыс хат табыстады. АҚ «Ақмола вагон жөндеу зауытының» инженері Е. Дюсенбеков студенттерді өндірістік тәжірибені өтуге үлкен жауапкершілікпен кіріскенін, студенттердің кәсіби даярлығының жоғары деңгейде екенін атап көрсетті, колледж директорына және ұжымына алғысын білдіріп, білікті маман даярлаған үшін алғыс хат табыстады.

4С-214 тобының студенттері Ұзақбай Т., Аманжол Н., Алпысова С., Ибадуллина Э., Омирбек Е., Әскер Е., Мухаметжанов А. , Баймұханбетов Н. өз баяндамаларымен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, тәжірибеден жиған-түйген білімдерімен бөлісті. Студенттер де колледж ұжымына берген білімі мен тәрбиесі, дуалдық оқыту жүйесі бойынша еліміздің ірі кәсіпорындарына жұмысқа орналасуына жағдай жасағаны үшін алғыстарын аямады. Тәжірибе нәтижесі бойынша осы топтың 9 студенті «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының филиалы – Ірілендірілген Астана жол дистанциясы, «Қырқыншы машиналандырылған жол дистанциясы», «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ, «Астана LRТ» ЖШС сияқты мекемелерге жұмысқа орналасты.

Конференция соңында келген қонақтар студенттерге оқуда табыс, шығармашылықта шыңнан көріне берулерін тіледі.

А.Бекенова