19 қаңтар 2018
2018 жылдың 19 қаңтар айында Астана қаласы көлік және коммуникация колледжінің мәжіліс залында 1108000 «Темір жолдың жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету, пайдалану және жөндеу» (түрлері бойынша), 1106000 «Темір жол жылжымалы құрамы өндірісі» (түрлері бойынша) және 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету» (салалары бойынша) мамандықтары студенттерінің өндірістік-технологиялық тәжірибе қорытындысы бойынша конференция өтті.
Конференцияда колледж директорының оқу әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Матвеева Лариса Ивановна және әлеуметтік серіктестік мекеме өкілдері ЖШС «Қамқор Локомотив» Астана локомотив жөндеу депосының инженер-технологы Сакеев Саят Сейткамзеұлы, ЖШС «Астана Қалалық жарық» техника қауіпсіздігінің инженері Акибеков Ильяс Оразханұлы сонымен қатар аталған мамандықтардың үшінші және төртінші курс студентері қатысты.
Өзінің кіріспе сөзінде «ЭТХ» кафедра меңгерушісі Тоқсанбаева Салтанат Исақызы болашақ түлектерді жөндеу және пайдалану тәжірибесін сәтті аяқтауларымен құттықтай отырып, болашақта теориялық және тәжірибелік емтихандарды және дипломдық жобаларды қорғауда жақсы нәтиже көрсетулерін тіледі.
Конференция өту барысында жөндеу және пайдалану тәжірибесі бойынша бейне материалдар көрсетілді.
ЖШС «Қамқор Локомотив» Астана локомотив жөндеу депосының инженер-технологы Сакеев Саят Сейткамзеұлы студенттердің жақсы дайындықпен келгендерін және алдағы он жылдықта локомотивті парктің болашақта дамуын айта отырып, сонымен қатар студенттердің көптеген сұрақтарына жауап берді.
Қауіпсіздік техникасының инженері ЖШС «Астана Қалалық жарық» Акибеков И.О мекемемен колледж арасында келісім шарт бернеше жылдар бойы жалғасып келе жатқандығын айтып өтті. 0902000 мамандығы бойынша студенттері өндірістік технологиялық және дипломалды тәжірибелерін осы мекемеде өтетіндігін айтты. Осы аталған мамандықтың студенттерінің теориялық білімдерінің жоғары және тәжірибеден өту барысында аса жауапкершілікпен қарайтындығын жасырмады. Алғашқы болып 4 курс 1106000 «Темір жол жылжымалы құрамы өндірісі (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша оқитын "Жолаушылар вагон жөндеу" депосының Астана филиалында өткен 4ППС-214 тобының студенті Хамитов Руслан баяндама жасады. Ол студент баяндамасында техникалық қызмет көрсету, күрделі жөндеу, темір жолдың арнайы жылжымалы құрамын жетілдіру, пойыз қозғалысының қауіпсіздігін жақсартуда қандай іс-шаралар қолдану керектігімен бөлісті. Арбашықтың қаңқасын жөндеу бөлімшесіндегі тәжірибе өту кезінде, арба қаңқасының бөлшектерін таңдау және жинақтап жөндеу, слесірлік жұмыс барысында сыртқы кескіні, құрылысы, пішіні, өлшемі жөнінде нақты мағлұмат алды.
Төменгі курс студенттері тәжірибеден өтушілерге деген жөндеу және пайдалану депосындағы қызметкерлердің көзқарасы және тәжірибеден өту, келісім шартқа отыру жөнінде сұрақтар қойылды.
4ЭТХ-214 тобының студенті Балтабай С ЖШС «Қамқор Локомотив» Астана локомотив пайдалану депосында өндірістік технологиялық тәжірибеден өтті.
Ол баяндамасында Қазақстан Республикасы темір жолдарындағы және Астана-Атбасар аралығында ВЛ80 с электровозын басқарудың әр түрлі әдістерін мысалға келтірді. Жол жүру барысында механикалық, электрлік автотежеуіш қондырғыларының қандай ақаулары бар екенін айта кетті. Электровоздың істен шығу кезінде жұмыс сенімділігін қалпына келтіру, ТЭД жүйесін бақылау туралы айтылды. Электрлік жүйесінің істен шығуы кезінде, электрлік сызбалардың, тежеу құрылғысының, тартым локомотивтік поездардағы тексеру мен қызмет көрсету тәртібін айтып өтті. Барлық студенттер мекеме жетекшілерінің оң қолдауын және нұсқаулықтарын алды. Өндірістік тәжірибе қорытындысы бойынша аталған мамандықтар бойынша студенттердің білім көрсеткіші жоғары деңгейде болды, үлгерім-100%, білім сапасы-100%, орташа балл-4,5.
Конференция жоғары кәсіби-іскерлік деңгейде өтті. Конференцияға қатысушылар әлеуметтік серіктестіктеріне жұмыста белсенділігі үшін алғыс айтты.
«Электр тартымды шаруашылығы» кафедра меңгерушісі: Тоқсанбаева С.И