Body: 

2018 жылғы 23 қаңтар айында колледждің әдістемелік жұмысының жоспары бойынша "Студенттердің білім сапасын арттыру мақсатында қазіргі заманғы білім беру технологияларын оқу үрдісіне енгізу" тақырыбында педагогикалық оқулар өткізілді.

Педагогикалық оқулар- педагогтардың кәсіби деңгейін көтеру және педагогикалық шеберлігін анықтау және үздік педагогикалық тәжірибені насихаттау, педагог қызметкерлердің портфолио жинақтауы үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Педагогикалық оқуларға педагогтар өздерінің кәсіби жұмыстарындағы заманауи технологияларды пайдалану бойынша жеке жұмыс тәжірибелерін баяндама түрінде ұсынды. Ұсынылған баяндамалары өзекті болды, онда әрбір қатысушының жеке тәжірибесі, таңдаған мәселесі бойынша жұмыстарының нәтижелілігі мен алдағы мақсаттары айтылды.
Педагогикалық оқуларға 16 оқытушы қатысты. Онда оқытушы С.А. Алимова және А.О. Мұқажанова "Оқу үрдісіне қазіргі заманғы жаңа технологияларды енгізу" тақырыбындағы баяндамасы, Алимгожина Ж.С., Сыдыкова А.Н. "Деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігін экономикалық сабақтарда қолдану", Ахметова А.Т., Жанабаева Г.М. "Тарих сабақтарында ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі", Бурканова Қ.Ж., Есенжол Д.К. "Арнайы пәндер сабақтарын оқыту барысында қолданылатын заманауи білім беру технологиялары", Жақсыбаева М.М. "Арнайы пәндерді өндіріспен байланыстыру арқылы дамыта оқыту технологиясын қолданып студенттердің білімін арттыру", Канатбекқызы А., Махмутова К.Б. "Физиканы оқытуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану" Кусайынов С.А. "Интерактивтік технологияны пайдалана отырып, студенттердің пәнге деген белсенділігін арттыру", Орынова Ш.Е., Айгужина Г.К. "Радиоэлектроника және байланыс" мамандығының студенттерін арнайы жабдықталған кабинеттерде оқыту ерекшеліктері", Хайрулина В.Д., Жадигерова К.С. "Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру" тақырыбындағы баяндамалары тыңдалды.

Педагогикалық оқулардың нәтижелері бойынша келесі шешімдер қабылданды:
1. Колледж оқытушыларының педагогикалық шеберліктерін жетілдіру бойынша жұмыстар жалғастырылсын;
- оқытушылардың өз білімін көтеру тақырыбы бойынша жұмыстары жандандырылсын;
- әдістемелік жұмыстары түрлендірілсін.
2. Озық тәжірибені жинақтау және меңгеру, оны тәжірибеге енгізу жұмыстары мұқият және нақты жүргізілсін.

. 3. Педагогикалық және әдістемелік тәжірибесі аз оқытушылардың жұмыстарына баса назар аударылсын.
4. Педагогикалық және әдістемелік тәжірибелер ұсынылатын іс-шараларға белсенді қатыссын.
5. Колледж педагогтарының қызықты жұмыс әдістері мен өздігінен білім алу тақырыптар бойынша материалдарын сайтқа және баспа бетіне жариялауға дайындалсын.

Осы іс-шараға қатысқан оқытушыларға алғыс білдіреміз. Барлық баяндамалар қызықты, мазмұнды және презентациямен ұсынылды. Педагогикалық оқулардың қатысушыларына сертификаты мен материалдар жинағы табысталды.

Әдістемелік бөлімнің меңгерушісі С. Хайруллина