28 ақпан 2018
2018 жылдың 27 ақпанында (Астана уақытымен сағ.11:00-де) Астана қаласы Көлік және коммуникация колледжінде “ПАРАСАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН БІРЫҢҒАЙ САҒАТЫ” атты іс-шарасы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты: кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінде білім беру сапасын жоғарылату, әлемдік стандарттарға сәйкестендіру, қатысушылар арасында мәдениетаралық түсіністік, үздіксіз білім алу және жоғары адамгершілік құндылықтарға бағдарланған зияткер қоғамды тәрбиелеу.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігімен бірлескен ұйымдастыру жоспары бойынша өткізіліп отыр.
Құқық пәні оқытушысы Г.А.Амирова Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында білім беру жүйесін өзгерту міндеті ел дамуының бірден бір алғышарттары болып белгіленгенін айтты, біздің елімізде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, оның негізі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы, 2014 жылғы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылдың 12 сәуірінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» (Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту) мақаласы және Елбасымыз ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының басымдықтары туралы мәлімдеді.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Е.Есенбекова академиялық ортадағы сыбайлас жемқорлық көріністерін жеңуде әрбір адамның рөлі жоғары екенін айтып, қатысушыларды ашық диалогқа шақырды. Іс-шара барысында оқытушылар мен студенттер өздерін толғандыратын мәселелер жөнінде сұрақтарды талқылады.
Қорыта келгенде, кәсіптік және техникалық білім беру оқу орындарындағы студенттерді тәрбиелеу үрдісінің ерекшелігі студенттерге кәсіптік білім берумен қатар патриоттық тәрбие беру, өз халқының тарихын құрметтеуге, мамандыққа деген қызығушылық таныта отырып, егемен еліміздің бүгінгі тарихи келбетін мақтанышпен сезінуге шақыру болды.
Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ете білуі қажет екені аталды.
Далабаева А.Т.