6 наурыз 2018
2018 жылғы 3 наурызда Қарағанды тас жолында орналасқан жаңа "Continental Logistics" көлік-логистикалық орталығында "Темір жол көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару" мамандығының үшінші курс студенттеріне арналған экскурсия ұйымдастырылды. Бұл Қазақстан Республикасындағы терминалдық өңдеуге арналған инфрақұрылыммен "А" класты ең ірі көлік-логистикалық орталық.
Орталықта логистикалық компаниялардың және қазіргі заманғы терминалдардың өкілдерінің кеңселері бір "терезе" бойынша жұмыс жүргізу мүмкіндігімен кедендік ресімдеу кеңселерінің қызмет көрсетуі қамтылған.
Экскурсияны ұйымдастырушы Б.Р.Қадыров "Конкурент – Б" ЖШС-нің директоры, колледждің түлегі. Ол студенттерді ТЛЦ аумағында орналасқан объектілермен таныстырды. "Қазпочта" компаниялары, кеден және салық органдарының кеңселерінің жұмыстарын көрсетті. Содан кейін студенттер климаттық терминалдың жұмысын өздері бағалады. Терминалдар заманауи қоймалық шаруашылықтың ең жоғары талаптарына сай келеді. Олар жаңа құрал-жабдықтармен жабдықталған: әртүрлі жүктердің логистикасын қамтамасыз ету үшін және тиеу-түсіру аймағын күніне шамамен 1000 тірегінің өткізу қабілетін айтарлықтай жоғарылатуға мүмкіндік жасау үшін қажетті базамен қамтамасыз етуге арналған жабдықтар.
Терминалдарда жұмыс істеуді жеңілдету үшін озық технологиялар пайдаланылады, өнімді тиеп-жөнелтуді жеделдетеді, сатып алушыға бірнеше өнім түрлерін бір жерде жүктеп жасауға мүмкіндік береді. Климаттық терминалдың жетекшісі студенттерге тоңазыту камераларындағы тиеу жұмыстары, температуралық режим мен басқа да электрондық датчиктерді сақтау шарттарының қалай жүргізіліп, электрокар және электр штабелердің қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Студенттер "құрғақ" терминалда WMS басқарудың автоматтандырылған жүйесінің жұмысымен танысты, ол қоймаға тауарларды қабылдау,оларды сақтау орындары және сақталу мерзімдерін тіркей отырып, базаға автоматты түрде енгізуге мүмкіндік береді. Бұл жүйе автоматты түрде тиеу кестесін құрайды, сәйкестікті автоматты түрде таңбалау бойынша операцияларды тіркейді, ілеспе құжаттарды жасайды және қоймадан тапсырыстарды жинақтау үшін қызметкерлерге тапсырмаларды әзірлейді және тағы басқа тапсырмаларды орындайды.
Студенттер контейнерлік алаңда локомобильді және үлкен жүк контейнерлерді тиегіштердің жұмыстарын көрді. Үшінші курс студенттері өздерінің болашақ кәсібімен жақын танысуға мүмкіндік беретін осы экскурсияға ризашылықтарын білдірді. Өндіріске экскурсия жүргізу, болашақ түлектерге кәсіптік бағдар беру үшін кәсіпорындардан мамандар шақыру – колледждің "Түлектер ассоциациясының" негізгі міндеттердің бірі.
Директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Л. И. Матвеева