Body: 

2018 жылғы 07 наурызда колледждің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары Г.А.Амирова және И.А. Бердешованың бастамасымен оқытушылар және студенттерге ҚР Президентінің "Бес әлеуметтік бастамалар" туралы үндеуін түсіндіру мақсатында сұхбат өткізді.

Осы кездесуде оқытушылар "Елбасының бес әлеуметтік бастамалары" атты үндеуін қазақстандықтар үшін маңызды стратегиялық құжат деп есептейды және оның әлеуметтік маңыздылығы нақты атап көрсетті.

Бұл құжатта Мемлекет басшысы көтерген мәселелері қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз ету, салық жүктемесін азайту, білім берудің халыққа қолжетімділігі мен сапасын арттыру, шағын несие беру және газдандыру мүмкіндіктерін кеңейту болды.

Кездесудің қатысушылары Елбасының бұл бастамасын мемлекетіміздің дамуына жаңа серпін береді деді. Қазақстан осы әлеуметтік реформалар мен экономикалық ахуал жағдайында Елбасының бүгінгі жүргізіп отырған саясатының арқасында осы жаңа бастамалардың қажеттігін тағы бір рет дәлелдеді. Қазіргі кезде бүкіл әлем бойынша әлеуметтік салаға арналған бағдарламалар мен әлеуметтік шығындарды қысқартып жатқанда, біздің үкімет осы мәселеге баса назар аударып отыр.

Оқытушылар үшін ең өзекті мәселе "Әрбір отбасы үшін тұрғын үйді сатып алудың жаңа мүмкіндіктері" атты алғашқы бастамасы болды. Өйткені ұжымда көптеген жас оқытушылар мен мамандар жеке тұрғын үйге мұқтаж.

Студенттерді "Білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру, жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту" атты үшінші бастамасы қызықтырды, өйткені колледждің көптеген студенттері оқуларын аяқтағаннан кейін жоғары оқу орындарында білім деңгейлерін жоғарылатуды армандайды. Ұлт көшбасшысының осы бастамаларын кездесудің барлық қатысушылары бірауыздан қолдады.

А.Е.Есенбекова